Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс шараға анықтама Тақырыбы: «Буллинг, Кибербуллинг» » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс шараға анықтама Тақырыбы: «Буллинг, Кибербуллинг»
01
февраль
2023

Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс шараға анықтама Тақырыбы: «Буллинг, Кибербуллинг»

Зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс шараға анықтама
Тақырыбы: «Буллинг, Кибербуллинг»
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық және буллинг туралы мағлұмат
беру арқылы ондай іс әрекет адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын
қорғауы туралы үйрету
Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы
азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Қатысушылар: 5-10 сынып оқушылары.
Мектепішілік жоспарға сәйкес мектеп психологы мен мектеп медбикесі бірлесіп 5-10 сыныптың оқушыларымен «Буллинг,Кибербуллинг» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мұндағы басты мақсат: оқушыларға буллинг пен кибербуллинг туралы түніктеме беру және өзара, өзгеара қарым қатыстағы әдептілікке шақыру болатын. Мектеп психологы дөңгелек үстелді «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тренингісімен бастап, қатысушыларға жалпы зорлық зомбылық дегеніміз не? Және оның қандай түрлері болатындығы жайлы айтып түсіндіріп берді. Келесі кезекте мектеп медбикесі Балаларға «Буллинг, кибербуллинг» туралы оқып беріп, оқушыларға осы күнге дейінгі статистика бойынша буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған балалардың саны мен жасы туралы айтып, егер де өздері немесе өзге біреулердің осындай жағдайға ұшырып жатса не болмаса білетін болса оған дереу түрде қандай көмек көрсету керек екендігін айтылып, және кімдероге көмекке жүгіну керектігін түсіндіріп өтті. Сонымен қоса оқушылардың санасына жіті жеткізу үшін «Біз бірге өмір сүреміз, Әлімжеттік және Буллинг дегеніміз не?, Буллинг в школах и универах» тақыбындағы бейнежазбалар көрсетіліп, мектеп психологы оқушылардан «зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сауалнамысы алды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде барлық қатысушылардың өздерін 4 топқа бөліп:
І топ оқушыларына «Зорлық зомбылық және оның түрлері?»
ІІ топтың балаларына «Буллинг дегеніміз не?»
ІІІ топтың оқушыларына «Кибербуллинг дегеніміз не?»
ҮІ топтығы жоғарғы буын оқушыларына «Буллингі тоқтатудың жолдары» деген сауалдарға тақырып бойынша түсінгендерін және ойларына түйгендерін постерге жазып берді.
Соңында мектеп психологы оқушыларға осындай жағдайлардың мектебімізде орындар алмауы үшін, алдын алу үшін, көбіне кейбір жағдайларда оқушы ауызша айтуға ұялып, үндемей жүре беретін кездер де болатындығын айтып, бұндай кезде «Сенім жәшігіне» өз есімін жазбай анонимді түрде хат жазып салуларына болатындығын айтып, «Сенім жәшігімен» жұмыс жасау ережесімен тағы да бір жалпылама таныстырып , кез келген уақытта сенім білдіріп, ұсыныстары мен шағымдарын салуға болатындығын ескеріп айтып өтті.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив