Қамқоршылық кеңес құрамына шақырамыз » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2024

Қамқоршылық кеңес құрамына шақырамыз

Қамқоршылық кеңесті құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы
Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қамқоршылық кеңесті құруға ұсыныстар қабылданатынын хабарлаймыз.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.Олар:
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив