Ата-ана,бала, мұғалім. » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2022

Ата-ана,бала, мұғалім.

Ата-ана, бала, мұғалім. Тренинг мақсаты: ата аналар мен бала және мұғалімдермен дұрыс қарым қатынас орнату, өзара түсінушілік таныту.
9-сынып және мектеп психологы «Бақыт деген не?» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында психолог, ата аналарға «Ата-ана үшін бақыт не?», пән мұғалімдеріне «Ұстаз үшін бақыт не?», оқушыларға «Бала үшін бақыт не?» деген сауалдарға кішкене парақшалар таратылып, жауап жазу ұсынылып және оны әр қайсысы өз жауаптарын дауыстап оқу тапсырылды. Бұндағы мақсат біріншіден бала арманын білу болса, екіншіден қатысушылардың бір- біріне деген шынайы жылы ықыластарын естірту арқылы өзара сыйласымдық пен түсінушіліктің орнауын қамтамасыз ету, бір-бірінің ойларын есту арқылы, әркім өз тарапынан өзгелерге сый құрметпен қарауға бағыттау болады.
Психологтың «Ата ана үшін бақыт не?» деген сауалына қатысушылардың бірі: өздерінің балаларына үлкен үміт артатынын, болашақта адаспай, тура жолды таңдайтынын, айтса, енді біреулері:мен баламның басы аман, дені сау болып, ауырмаса болды десе, біреулері оқуда озат болып, өзінің қалаған оқу орнына грант иегері болса екен деген ойларымен бөлісті. Бала үшін не бақыт?» деген сауалға оқушылардың барлығы бір ауыздан ата анам мен туыстарым аман болып және әркезде жанымызда болса екен деп ойларын білдірді. Ұстаз үшін не бақыт?» деген сауалға ұстаздардың жауабы:білімді шәкірт, мектепте алған білімдерін, кейін үлкен өмірде тиімді қолдана алатындығын , еліне , жеріне адал қызмет ететін, патриот азамат болатын болса ұстаздың бақыты сол деген ойларын айтып бөлісті. Мектеп психологы шын мәнінде жалпы Бақыт дегеніміз не, шын бақыттың мәні неде?» деген сауалға : адамдардың шын бақытты өмір сүруі үшін аса көп дүниенің қажеті жоқ екендігін айтып, шын мәнінде бақытты өмір сүру үшін тек қана өзара дұрыс қарым қатынастың болуы деген ой айтты. Ал дұрыс қарым-қатынас дегеніміз не ,ол қандай кезде туындайды, әрине ол қандай жағдай болмасын өзара дұрыс түсінушілікпен қараған кезде орнайтынын айтып, түсіндіріп өтті. Тренинг соңында ата аналардан қарым қатынас туралы анықтама алып, сауалнама жасатты .






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив