05
май
2023
Мектебіміздің жетістігі
Жетісу орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шаяхмет Іңкәр (жетекшісі математика пәні мұғалімі Г.Мухамадьярова) Республикалық ғылыми жобалар байқауының Аудандық кезеңінің жеңімпазы атанды. Облыстық кезеңнің 1-ші турында математика секциясы, "Теңдеулердің практикалық қолданысы" тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғап, 2-ші турында пән бойынша тест тапсырып, жүлделі 2-ші орынды иеленді. 2023 жылдың 06.04 күні Аудан әкімінің қабылдауында болып, бағалы сыйлық (планшет) табысталды.