«Алкогольдің адам ағзасына тигізер залалы» » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2022

«Алкогольдің адам ағзасына тигізер залалы»

«Алкогольдің адам ағзасына тигізер залалы» атты тақырыпта сынып оқушылары зерттеу жұмысын жүргізіп, үш топқа бөлініп жоба қорғады.
1– топ мүшелері: Ахметова А мен Қаният М «Алкогольдің шығу тарихын» зерттеп, ізденіс жұмыс барысында анықтаған қызықты ақпараттарымен бөлісіп, таныстырылым жасады. Әртүрлі ішімдік түрлеріндегі алкоголь мөлшерін де айтып кетті. Түрлеріне тоқталып, тұтыну барысында қандай әсерін тигізетінін де айтып өтті. Алкогольдің мөлшерден тыс тұтынудан адам өліміне алып келетініне түрлі мысалдар келтірілді. Оқушыларға жақсы ой салып, ішімдікке жоламау, жеркенуге байланысты көптеген дәлелдер келтірді.
2– топ мүшелері: Шаяхмет А мен Қайратбекұлы Б «Әлемдік статистика», яғни, әлем бойынша алкоголь тұтынушылардың басым бөлігі 15-19 жастағы жасөспірімдер қандай денсаулық ақауларына ұшырағанын айтып өтті. Соның ішінде ең көп тараған Европада (14,8%; 3,4%) және Америкада (11,5%; 5,1%)№ рейтинг басында Молдова, Литва және Чехия тұрса, ал Қазақстан 77-ші орында тұрғанына дәлелдер келтірді.
3– топ мүшелері: Толқынқызы Н мен Амангелді Ә «Алкогольдің зияны мен пайдасы» тақырыбында слайд қорғады. Ішімдіктің адам ағзасына тигізер зиянына тоқталды. Түрлі аурулар себепшісі болып, қылмыскер атануының мүмкіндігі жоғары болатынын да айтып өтті. Сондай-ақ тұрмыстық жағдайда спирттің пайдасына да тоқталып, медицинада қосар үлесі зор екенін көрсетті.
4– топ мүшелері: Жолдошбекқызы А мен Төлеухан Альбина «Алкогольсіз әлем» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында күнделікті күн тәртібін ұстанып, денені шынықтырып, зиянды әрекеттерге жоламауды насихаттады. Артынан «Өмір неткен керемет!» өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді.
Сынып сағатында оқушылар «Ішімдік туралы өтірік пен шындық» сахналық көрінісін үгіт-насихат тобы арқылы жүзеге асырды. «Ішімдіктің ағзаға зияны» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Салауатты өмір салтын сақтау жобасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» ой дамыту ойындарына, спорттық жарыстарына қатысу жоспарланды. Көрермендер қойған сұрақтарына жауап бере отырып, кері байланыс жасалды.





[center]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив