"Күзгі бал - 2022" » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2022

"Күзгі бал - 2022"

Сарқан ауданы, Жетісу орта мектебінің 11-сынып оқушыларының және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Күзгі бал" өтті. Онда: 10-сыныптан "Күзгі шуақ", 9-сынып "Алтын күз", 8-сынып "Күзгі жапырақ", 7-сынып "Күрең күз" атты сайыскерлері қатысты. Әділ қазы алқаларына мектеп директоры К.Кильчабаев, мектеп мұғалімдері Н.Абишев, А.Ахмет, Т. Жарысбек, А.Серикбаева тағайындалды. Келесі өнер сайысында 10-сынып оқушылары Толқынқызы Нұрсара мен Төлеузан Альбина күз өлеңін айтып, 9-сынып оқушылары "Құстар" әнін орындады, 8-сынып оқушылары Сапиева Диляра, Әбілғапар Жігер, Оразхан Аян "Алтын күз" өлеңін оқыды ал 7-сынып оқушысы Сансызбайқызы Алима "Алтын күз келді" әнін орындады. 2 "Үй тапсырмасы" сайысында 10-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының әңгімесіне композиция жасады (домбыра, көзілдірік, кітап). 9-сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың "Жетім" әңгімесі бойынша композиция көрсетті. 8-сынып оқушылары Қазақстан Респуликасының Рәміздерінің 30 жылдығына Тудың композициясын жасады. 7-сынып оқушылары Қаз Дауысты Қазбек бидің 330 жылдығына орай нақыл сөзінен композиция жасады. 3 сайыста әр сынып сән үлгісін көрсетті. Соңында әділ қазылардың шешімімен 3 орынмен 7-сынып оқушылары марапатталды. Дайындаған жетекшісі Құралай Дармишева, 2 орынмен 8-сынып оқушылары марапатталды. Дайындаған жетекшісі Райымбек Жабайханов, 1 орынмен 10-сынып оқушылары марапатталды. Дайындаған жетекшісі Гүлнар Мухамадьярова, Бас жүлде "Гран при" 9-сынып оқушылары жеңіп алды. Дайындаған жетекшісі Эльмира Сеитбаева. Іс-шараның ұйымдастырылуын басшылыққа алған тәрбие ісі меңгерушісі Лязат Алыбаева.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив