«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» » «Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

«Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Жетісу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72839) 3-42-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2022

«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры»

«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры»
2022 жылдың 13 желтоқсан күні 8-сынып білім алушылары мен сынып жетекшісі Р.Жабайханов «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында сынып сағаты өткізді. Сынып сағатында еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған сурет көрмесі жасалып, экраннан желтоқсан оқиғасы туралы бейнебаян атты деректі фильм көрсетілді.
Сынып сағатының басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.Білім алушылар бейнебаяннан түйгендерін ортаға салып, тәуелсіз елдің ұландары болғандарын мақтан тұтатының жеткізді.Аблайхан Ақгүл өзінің үйден жазып келген «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты эссесін оқып берді, онда Ақгүл ата-бабамыз ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихы жайлы сонымен қатар қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы айтты.Бекұзақ Мұхаметжан,Оразкан Аян,Көпжасар Гүлім,Төлеухан Нұрхан тәуелсіздік жайлы өлең шумақтарын мәнерлеп айтты.Сапиева Дильяра,Амангелді Сұлтан, Әбілғапар Жігер «Қазақстан кеше,бүгін,ертең» деген үш принціпінде презентацияларын алдын ала жасап келіп, сыныпта қорғады.Сапиева Дильяра Қазақстанның кешегі тарихын тек қана 1991 жылдан емес, ол дегеніміз сонау сақтар заманынан, ұлы қоныс аударудан басталатындығын айтып, тарихқа сүйеніп дәлелдеп айтты.Әбілғапар Жігер бүгінгі Қазақстанның әл-аухаты жайлы сонымен қатар болашақ жастардың қолында екендігін айтып өтті.Әбілғапар Жігер ертен деген пунктында Қазақстанның болашағы кемел және жарық болатындығына сенетіндігін және ол болашақ бүгінгі күннен басталатындығы жайлы айтты.
#балаларжылы
#өзінөзібасқаруұйымы


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив